«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әкелер күні

26.09.2023

Әлемнің көптеген елдерінде отбасылық құндылықтарды  насихаттау және нығайту мақсатында аталып өтетін  «Әкелер күні» мерекесіне орай балабақшамызда «Әкеміз бізде қонақта» атты  спорттық сайыс өтті және фотосуреттер көрмесі жасақталды. Әке, әкенің күні, әкенің орны, әкенің тәрбиесі, ең соңында әкенің беделі... Ақиқатына келсек, әкенің рөлі адамға күнделікті керек. Танертеңгілік қабылдау кезінде әкелерімізді көтеріңкі көңіл күймен қарсы алдық. Спорттық сайыстың мақсаты : Бала тәрбиесіндегі отбасының соның ішіндегі әкенің ролін айшықты көрсете отырып, жас ұрпақтың өз елін сүюге, халқымыздың салт - дәстүрін үйренуге өз отбасының тең құқылы бір мүшесі ретінде сезінуге және рухани жан дүниесін байытуға деген қызығушылығын арттыру. Балабақша мен  ата - ана арасындағы байланысты жүйелі жолға қою мақсатында, отбасындағы әкенің рөлі мен оның өнегесін шеберлігін, өнерін өскелең жас ұрпақтың бойына сіңірту.

Сайысқа екі топ әкелері қатысты «Жасұлан» және «Шаңырақ» тобы. Сайыс түрлі кезеңдерден  тұрды,  әкелер мен балалары  белсенділіктері мен шапшаңдылықтарын көрсетті. Сайыс соңында «Жасұлан» тобы белсенділігімен алға шығып  жүлделі орынға ие болып дипломмен  марапатталды. Балаларға сыйлықтар берілді. Өте жоғары деңгейде өтті, көтеріңкі көңіл сыйлады.

 

Просмотров: 415


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст