Текст
Балабақшада ата – аналар тарапынан құралған бракераждық комиссия мүшелері асханаға тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеріс барысында асхана қызметкерлерінің киім үлгісі таза, талапқа сай болды.
Ас блогындағы тоңазытқыштардың іштері таза, сүт өнімдері және шикізат өнімдері дұрыс қойылып, тауар көршілестігі сақталған. Санитарлық нормалары талапқа сай деп бағаланды.
Ескертулер болған жоқ.